Корейлік банк шағын және орта бизнесті қаржыландырады – Әбілқасымова
Микроқаржы ұйымының банкке айналуы елімізде бірінші рет. Бұған мүмкіндік беретін заң өткен жылы қабылданды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты,-деп хабарлайды politico.kz
«BNK Finance Kazakhstan-ның жаңа рөлі мен мәртебесі банк секторындағы бәсекелестікті күшейтеді. Бірінші кезекте клиенттер ұтады.
Шетелдік банк халықаралық топтың үздік корпоративтік стандарттарына сәйкес қызметтер көрсетеді. Жаңа ойыншының үлкен және өршіл жоспарлары бар.
Банк шағын және орта бизнесті, сауда-саттықты, бөлшек бизнесті, жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр», — деді Әбілқасымова.