Намаз оқып, сақал қоймасақ, ұрады – Ауғанстандағы қазақтар

0
195

Ауғанстанда тәліптер намаз оқымайтын, сақал қоймайтындарға зәбір көрсетеді. Бұл туралы сол елде тұратын қазақтар айтты, деп хабарлайды politico.kz.

Жергілікті тұрғындар «Жалғыз жолаушы» YouTube-арнасына берген сұхбаттарында тіпті домбыра шерте алмайтындарын жеткізген.

Домбыра шертуге рұқсат бермейді. Шариғат бойынша болмайды дейді. Егер домбыра шерткенімізді көрсе, намаз оқымасақ, сақал қоймасақ, ұрады, жәбір көрсетеді. Мешітке кім келді, кім келмеді, бәрін тексеріп отырады. Кімдер келмегенін молда айтып береді, оларды түрмеге қамайды, – дейді ауғанстандық қазақтар.

Сондай-ақ балалары мектепке бармаса да, құран сабағына қатысады.

Фото: видеодан скрин


ПІКІР ЖАЗУ