«Бір креслоның өзі 5 миллион теңге»

0
67

Журналист Асхат Ниязов кезекті бейнематериалында Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтың бұрынғы резиденциясын көрсетті.

15 бөлмеден бөлек теннис ойнайтын алаңы мен түрлі демалыс орындары бар резиденция күтімсіз қалған. Екі қабатты ғимаратта жедел саты да бар. Бірнеше жұмыс орны, биллиард ойнайтын жер, монша тіпті бассейні де бар екен.

Ғимарат ішінде бренд жиһаз да көзге түсті. Versace жиһазының бағасы, яғни бір креслоның өзі 5 миллион теңге тұрады. Барлығын қосқанда (екі кресло, диван, журнал үстелі) 20 миллион теңге шығады екен. 

Бүгінде экс-әкімнің резиденциясы емдеу-сауықтыру орнына айналған.


ПІКІР ЖАЗУ