Әйелін 11 жыл бойы қорлап келген экс-әкімге үкім шықты

0
82

Атыраудағы Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовке екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды,-деп хабарлайды politico.kz

Соттың хабарлауынша, жәбірленушінің 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды. Моральдық шығынды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге өндірілді.  

Бұған дейін, жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиева күйеуінің он бір жыл бойы жүйелі түрде ұрып-соққанын және балаларын тартып алып кеткенін айтқан еді.  


ПІКІР ЖАЗУ