Алматыда ОДКБ кеңесі өтті

0
58

 

Оған ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері қатысты,-деп хабарлайды politico.kz

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер тәжік-ауған шекарасын нығайту туралы жобаны әзірлейтін болып келісті. 

Бұдан бөлек, бітімгершілік пен қаржы ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар мақұлданды. Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану және ақпараттық қауіпсіздік саласынадағы саяси мәлімдемелер қабылданды. 

Жиыннан кейін Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері М. Нұртілеу мен С. Лавров екіжақты кездесу өткізді. Тараптар жыл соңына дейін бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.  

 


ПІКІР ЖАЗУ