ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр автожол реконструкциялау жұмыс барысымен танысты
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ұзындығы 363 км болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолын реконструкциялау жұмысы барысымен танысты.
Роман Скляр «Қарағанды–Балқаш» автожолының «Орталық–Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтіп, жол-құрылыс жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді және жолды реконструциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.