«Әділдік және өркендеу» Қоры денсаулықсақтау мәселелерін шешуге кірісті

0
78

Ұйым белсенділері Шымкенттегі Қордыңөңірлік өкілдерінің кездесуінде медициналықсақтандыру саласындағы ахуалды өзгертужәне білім беру ұйымдарындағытамақтануды жақсарту бойынша өзқорытындылары және ұсыныстарыменбөлісті.
Бірнеше өңірде қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуыменсараптамалық сессиялар өткізілді, ондаазаматтарды медициналық сақтандырусаласын жетілдіру бойынша ұсыныстарталқыланды. Қордың Денсаулық сақтаужөніндегі қоғамдық комиссиясыныңбасшысы Қуаныш Керімқұловтың айтуынша, ұйым белсенділері мен медицина саласындағы сарапшылардың күш-жігеріденсаулық сақтау жүйесін қолжетімді әрісапалы етуге бағытталған.
«Біз осы бағыттағы жұмысымыздыжалғастырамыз. Денсаулық сақтау мен білімберу біздің әлеуметтік саламыздыңажырамас бөлігі болып табылады. Азаматтардың ұзақ өмір сүруі мен оныңсапасын арттыру үшін медициналық қызметкөрсету деңгейін көтеру біз үшін біріншікезектегі міндет болып табылады», – деп атапөтті Қуаныш Керімқұлов.
Қор белсендісі Әсет Оңалбаев балаларғаарналған білім беру мекемелерінде болашақұрпақтың денсаулығына тікелей әсер ететінсапалы тамақтануды ұйымдастыруқажеттігін атап өтті.
«Біздің болашағымыз-балалар, біз олардыңденсаулығын сақтауға міндеттіміз. Ол үшінбалаларды дұрыс тамақтандырған жөн. 2021 жылдан бастап Астана мен Алматыда 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылғанотбасылардан шыққан балалар мектептетегін тамақтанады. 2023 жылдан бастап бұлжүйе барлық өңірде енгізілді. Өкінішкеқарай, мектептер мен мектепке дейінгімекемелердегі тамақтану сапасы ақсап тұр. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайлар аз емес. Бұл бағытта әлі де көп жұмыс істеукерек», – деп, Қазақстанның оңтүстігіндегімектептерде тамақтану сапасын қамтамасызету жобасына жетекшілік ететін өңірлікбелсенді өз қорытындыларымен бөлісті.

Қор басшылығының ақпараты бойынша, оңтүстік облыстардың білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасынқоғамдық бақылау тәжірибесін жаңа оқужылының басталғанда еліміздің барлықөңірінде енгізу жоспарда бар.


ПІКІР ЖАЗУ