«Орыс жігіттердің өзі қазақша сөйлейді»: қазақстандық балуан күрестегі мемлекеттік тіл мәртебесі туралы айтты

0
201

Париж Олимпиадасына грек-рим күресінен еліміздің атынан 130 кг салмаққа дейін Әлімхан Сыздықов белдеседі. Ол осы ретте Олимпиадаға дайындық, күрестегі мемлекеттік тіл мәртебесі жөнінде «Спорт Министрі» YouTube арнасына сұқбат берді,-деп хабарлайды politico.kz

– Олимпиадаға дайындық барысы қалай жүріп жатыр? – Біз әр үлкен, ірі додалардың алдында тауда, биік аймақтарда оқу-жаттығу жиындарын өткізуге тырысамыз. Бұл жерде біз функционалдық дайындығымыз бен физикалық дайындығымызды жетілдіріп жатырмыз. Қазіргі уақытта құрамадағы жігіттердің көңіл-күйі, дайындығы керемет.

Командадағы атмосфера жақсы. Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Ол жаққа жай күресуге бармаймыз, жеңу үшін барамыз. Мәселен, мен бұл арманыма жету үшін 12 жыл еңбек етіп келе жатырмын. Осы арманымды жүзеге асыруға барынша тырысамын. – Күрестегі орта қазақы, бәрі де қазақша сөйлейді. Бұл әуел бастан қалыптасқан дүние ме, әлде арнайы шаралардың, тәрбие сағаттарының нәтижесі ме? – Орыс жігіттердің өзі қазақша сөйлейді. Қазақ тілін спорт мектебінде, интернатта үйренген.

Өздері осындай қазақы ортада жүргеннен кейін мемлекеттік тілді меңгеріп кеткен.

 


ПІКІР ЖАЗУ