«Ұрғанын жақсы білесіздер»: Нұрила Ақберген өзін сынаған «Меломен» жігіттеріне жауап берді

0
148

Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген өзін» хайп жасап жатыр» деп сынға алған «Меломен» тобының жігіттеріне жауап берді. Блогер ару күйеуінің өзіне қол көтергенін олар білетінін айтты,-деп хабарлайды politico.kz

Нұрила Ақберген желіде өзін қаралаған күйеуінің достарына өкпе-ренішін айтты. Сөзінше, олардың әйелдері де бұл жағдай жөнінде хабардар. «Жігіттер, ол ұрмадым деген жоқ. Ол бұл ісімен мойындап тұр. Мені шындығымды айтақыным үшін кінәлап тұр.

Сіздер бәрін білесіздер. Кезінде Ғабиттің ұрғанын жақсы білесіздер. Оған тіпті «Хабиб» деп ат қойып, әзілдегендеріңізді де білемін. Сол үшін ұялыңыздаршы. Ұяттың да шегі болады. Басқалай қорғаңыздар. Шындықты біле тұра жасырып, зорлық-зомбылықты қолдау – нағыз ұят осы. Қазақ жігіттері дегенге келмейді. Олардың әйелдері менің шекемнің ісіп жүргенін көрді. Көлсайға баратын болып, жиналып жатқанда Ғабит екеуміз сөзге келіп, сол кезде де таяқ жедім. Соны әйелдері біледі. Сол кезде ғана оның қол көтеретінін айттым. Оған дейін айтпағанмын. Енді маған қара жағулары ессіздік. Ұялу керек», – деді Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі «Көзқарас» подкастында.


ПІКІР ЖАЗУ