«Миллиардтаған қаржы жымқырған»: Мұнай-газ кәсіпорындарының басшылары ұсталды

0
80

«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-ның («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды,-деп хабарлайды politico.kz

Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылған.

– Жұмыс істемеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері белгілі болды.

Ал West Oil Software ЖШС-да («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда, негізсіз жалақы есептеу деректері де анықталды, – делінген хабарламада.

Аталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі («сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру») бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардағы 4 лауазымды тұлға ұсталды.

Қылмыстық істер облыстық Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.


ПІКІР ЖАЗУ