Семей полигонынан зардап шеккендерге қайтадан әлеуметтік көмек берілмек

0
126

 

Бірақ қолдау ағзадағы радиациялық дозаға байланысты көрсетілуі мүмкін,-деп хабарлайды politico.kz

«Бұл бойынша екі мәселе қаралды. Территориядағы радиацияның дозасын анықтаймыз ба немесе азаматтардың организміндегі радиациялық дозаны анықтаймыз ба?! Сонымен екі мәселеге келіп тірелдік.

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен ғылыми зерттеу жұмысын 2025 жылы аяқтайын деп отыр. Сондай-ақ Семейдегі медициналық университетпен бірге өңірдегі азаматтардың базасы бар. Сонымен жұмыс істеп жатыр.

Біз 2025 жылға қарай әр азаматтың организміндегі радиациялық дозаға қарай әлеуметтік және медициналық көмекті қайта қараймыз», – деді Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова.


ПІКІР ЖАЗУ