Қазақстанда үй бағасы тағы көтеріле ме: мамандар жауап берді

0
62

Экономикалық дағдарыстар болмаса, Қазақстанда жаңа баспананың құны шарықтап кетпейді – айына шамамен 0,5-1 пайызға өсуі мүмкін,-деп хабарлайды politico.kz

Мамырдың соңында Қазақстанда жаңа үйлер орташа есеппен айына 0,4 пайызға және жылына 2 пайызға қымбаттады. Қайталама тұрғын үй нарығында жағдай керісінше – баға ағымдағы жылдың мамыр айымен салыстырғанда 0,2 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен. Яғни тұрғын үй нарығының екі секторы әлі де әртүрлі бағытта жылжуда.

Сондай-ақ «Крыша» порталы хабарлағандай, сарапшылар тек бастапқы тұрғын үй бағасы одан әрі өседі деп болжап отыр. Демек, экономикалық дағдарыстар болмаса, оның құны айына шамамен 0,5-1 пайызға өседі. «Қайталама» тұрғын үй бағасы осы жылдың қыркүйегіне дейін шамамен 1-3 пайызға көтерілуі мүмкін. Дегенмен оның стагнацияға, яғни бағаның өсуінің тоқтап қалуына ұшырауы мүмкін: әсіресе баға қазірдің өзінде елдегі ең жоғары саналатын Алматыда.

Айта кету керек, бұл жағдай құрылыс салушылар белсенділігіне де әсер етеді: олар үшін жаңа нысандарды салу тиімсіз болмақ. Мұның бәрі материалдардың қымбаттауы, инженерлік желілердегі қиындықтар, сондай-ақ ипотекалық несиелердің тапшылығына байланысты сатудағы қиындықтар салдарынан рентабельділіктің төмендеуі себеп.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа ипотекалық несиелерде бағаның өсуіне жол бермейтін «қорғау механизмі» бар: жаңа үйлерді тек шаршы метрінің бағасы бекітілген арнайы портал арқылы ғана сатып алуға болады. Басқаша айтқанда, кейбір құрылыс салушылар үшін тұрғын үй бағдарламасына қатысу тиімді болмауы мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ