Жәнібектің ата-анасын полиция іздеп жатыр – ІІМ

0
173

Полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың (Джани) ата-анасын іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты,-деп хабарлайды politico.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан анасын іздеген еуропалық Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық істің қозғалған не қозғалмағанын сұраған еді.

«Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеуде. Қазір сіздерге Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын», – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

 


ПІКІР ЖАЗУ