«Қазір жоқ қылып жіберемін». Қайрат Нұртас халықтың қаҺарына ұшырады

0
265

Белгілі әнші Қайрат Нұртас тағы да дауға қалды. Ол өзін агрессивті ұстап, әдепсіз сөздер айтып жұртшылықтың назарына ілікті, деп хабарлайды politico.kz.

Желіде тараған видеодан әншінің көшеде белгісіз көліктің жанында тұрып, бөгде адаммен сөзге келгенін байқауға болады.

«Көлігіңді ал деймін саған. Қазір жоқ қылып жіберемін», – дейді Қайрат Нұртас.

Желіде тараған видео бір күнде 4 миллион қаралым жинаған. Бұл жағдай оның беделіне айтарлықтай әсер етіп, жанкүйерлері мен жұртшылықтың теріс реакциясын тудырды.

“Қайрат жақын күндері әндерін тек өз отбасының ортасында отырып айтатын күнге жеткелі тұр. Халық сені қалай көтерсе, солай түсіре салады. Халық болмаса ешкім емессің”, “Адам менсінбейді. Сана сезімі төмен болып тұр ғой”, “Ақылсыз екен”, “Халықтың арқасында осы дәрежеге жетіп отырсың. Ақшамен абыройды сатып ала алмайсың. Ұмытпа!”, – деп жазды олар.


ПІКІР ЖАЗУ