Қазақстан Қытаймен бірлесіп бидайды терең өңдейтін зауыт салады

0
74

 

Меморандумға Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында қол қойылды.

Нысан Қостанай облысында 2027 іске қосылады.
Зауыт қуаты жылына 430 мың тонна бидайды терең өңдеуге жетпек.
600 жаңа жұмыс орны ашылады.
Өндіріс орнында амин қышқылы, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебегі шығарылмақ,-деп хабарлайды politico.kz 

Жаңа зауыттың ашылуы азаматтарды жұмыспен қамтып және мемлекеттік бюджетке кіріс түсіріп қана қоймай, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, экспорт әлеуетін көтеруге, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға оң ықпал етеді деп күтіледі.

Сонымен қатар, меморандум аясында Алматы облысындағы бидай, жүгеріні терең өңдеу саласындағы лидер – «АзияАгроФуд» зауытының өндіріс қуатын тәулігіне 200-ден 300 тоннаға дейін арттыру қарастырылған.

“Уағдаластық өңірде жүгеріні өткізу бойынша шаруалар арасында былтыр болған әлеуметтік түйткілдердің шешілуіне оң әсер береді”, – деді KazFoodProducts компаниясының бас директоры Әлихан Қайратбек.


ПІКІР ЖАЗУ