Астаналық тұрғын лаңкестік сипаттағы қылмысы үшін 26 жылға сотталды

0
87

2024 жылдың маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің материалдары бойынша 3 қазақстандық азамат террористік сипаттағы қылмыстары үшін сотталды,-деп хабарлайды politico.kz

3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.

11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесіндегі елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, а.ж. ақпанында ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған болатын.

Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға әрекет жасаған.


ПІКІР ЖАЗУ