Тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлекке қатысты пікір білдірді

0
193

Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды politico.kz

Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет – 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.

«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», – деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Олар, сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ