Тоқаев министрге дәрі-дәрімекке бөлінетін қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етуді жүктеді

0
153

Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады,-деп хабарлайды politico.kz

Кездесуде Президент бала өлімін азайтуды, жүйені сапалы етіп қайта құруды, дәрі-дәрімекке бөлінетін қаражатты тиімді жұмсап әрі ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Ал министр өз есебінде препарат пен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің ашық екендігін айтты. Әрі алғашқы және стационарлық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралатынын жеткізді. Болжамды өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Министрдің сөзінше, жыл басынан бері инфекциялық аурудың 21 түрі бойынша сырқаттану көрсеткіші төмендеді.


ПІКІР ЖАЗУ