Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жемқорлыққа цифрлық теңге арқылы тосқауыл қойылмақ

0
91

Жобаның алғашқы қорытындысы 15 қараша Қаржыгерлер күнінде жарияланады,-деп хабарлайды politico.kz

Мұны да Тимур Сүлейменов айтты. 

«Достық-Мойынты» теміржол жобасына бөлінген қаражатты smart-келісімшарт базасында қағаз ақшамен емес, цифрлық теңгемен аудардық. Қазір бұл жұмыс істеп тұр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бөлінген субсидия қағаз ақша күйінде емес, цифрлық теңге күйінде түседі деп отырмыз. Бұл субсидияны кім алғанын, қалай жұмсап жатқанын, өтінімге сай жұмсап жатыр ма, әлде алдап кетті ме, бәрін көруге болады.

Қаржы министрлігімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен жақсы интеграциямыз бар. Жалпы  жоба сәтті шықса, мемлекеттік сатып алу, құрылыс сияқты салаларды ашық етудегі аса маңызды кезең болатын түрі бар. Қаржыгерлер күнінде осы жобаның алғашқы қорытындысын жария етеміз. Сарапшыларға да, барша жұртқа қызық болады деп ойлаймын», — деді Сүлейменов.


ПІКІР ЖАЗУ