ҰОК президенті болған Головкин боксқа қайта оралуы мүмкін

0
78

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, 42 жастағы кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Politico.kz басылымы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен зейнет демалысында емеспін. Отбасыммен бірге уақытымды керемет күйде өткізіп жатырмын. Қазір жаңа қызметім бар. Бірақ спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін әрі бұл маған қатты ұнайды. Мен ешқашан карьерамды аяқтағаным туралы хабарлаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі. Егер ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым әбден мүмкін», – деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареске (61-2-2, 39 КО) қарсы өткізген.

Ал биыл Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына сайланған.

Фото: Harry How
Кілтсөздер:ГоловкинҰОК


ПІКІР ЖАЗУ