Павлодар облысында оқушыны зорлаған адам 17 жылға сотталды

0
142

Павлодар облысында мектеп оқушысын зорлаған адам ұзақ жылға сотталды. Айыпталушы жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Бұл туралы Politico.kz агенттігі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімет бойынша, бүгін жабық сот отырысында кәмелетке толмаған жәбірленушіге зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ, жәбірленушімен жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Сондықтан оның әрекетін онша ауыр емес бапқа – қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлімі, атап айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас ретінде қайта саралауды сұрады», – делінген хабарламада.

Жауапкердің кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

«Екі аса ауыр қылмыстың жасалғанын ескере отырып, сот түпкілікті 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ қылмыскер өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – дейді баспасөз орталығында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: istockphoto.com


ПІКІР ЖАЗУ