Қайрат Нұртас абақтыда отырған 15 күнде 18 тойдан қалды

0
632

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас түрмеден шыққаннан кейін анасы Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әнші 5 шілде күні ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 күнге қамалған. Ол Шымкенттегі изоляторда отырып шықты.

«15 күнде 18 тойын «отмена» жасағанбыз ғой, қаншама концерттерге билет алынған, той иелерінің біразы Қайрат бос күнге туралап қойған ғой. Қазір ойланып отырмын да, күлейін бе, жылайын ба деп… Кейбіреулерге түсіндіру қиын, бәрі менің қолымда сияқты. Гүлзира апай, енді біз не істейміз, той ғой, біздің тойға келсін да, сосын бара салсыншы дегендер болды. Жандарым-ау, бәрі Алланың қалауымен ғана», – дейді әншінің анасы.

Фото: әншінің жеке парақшасынан


ПІКІР ЖАЗУ