«Біреудің күнәсін арқалаушылар көп»: Ерке Есмахан жазбасымен елді ойландырып қойды

0
606

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде Парижде түскен суреттерін жариялап, ерекше жазба қалдырды. Өнер иесі біреудің күнәсін арқалап жүргендер туралы ойын айтты, деп хабарлайды politico.kz.

Ерке Есмахан елге ой саларлық жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Эстрада жұлдызы оқырмандарын барынша жақсы сөз айтуға шақырды. «Жақсы сөз өзіңе айналып келеді. Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады. Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады. Жақсы сөз – жақсы энергия. Жақсы сөз – жарым ырыс. Бір жағынан, аяқ асты несібе. Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі Райм мен анасының қарым-қатынасы қандай екенін айтып берген еді. Өнер иесі желіде екеуінің әңгімелесіп отырған сәтінен видео жариялады.

Фото: Instagram/erke_esmahan


ПІКІР ЖАЗУ