«Миы шайқалып, бас, бет сүйектері сынған»: Алакөлге дельтапланмен құлаған екі адамның жағдайы ауыр

0
154

Ақши ауылының маңында Алакөл көлінде дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Politico.kz тілшісі ҚР ТДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, 40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған.

Ал 1980 жылы туылған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған.

Бүгінде қос азамат Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.



ПІКІР ЖАЗУ