Қостанай облысында ер адам таныс емес әйелді бауыздап өлтірді

0
99

Қостанай облысындағы Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінде мойны кесілген әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 20 шілде күні болыпты. Марқұмның жанында күйеуі болған. Айтуынша, әйелінің айғайын естіп, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтыпты. Марқұмның күйеуі күдіктімен төбелесу кезінде басының артынан және бетінен пышақ жарақатын алған.

«Құсмұрын ауылында әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қостанай облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Фото: istockphoto.com


ПІКІР ЖАЗУ