«Бөлек шықсақ дейміз»: Гүлзира Айдарбекова шетелге көшу туралы ойын айтты

0
60

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбеков екеуі балаларынан бөлек шығып, болашақта шетелден үй алуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды politico.kz.

Гүлзира Айдарбекова жолдасы екеуінің жоспары жайлы «Әсембике» бағдарламасында айтты.

«Бала-шағамыз әбден өсіп-өнген соң, Нұреке, екеуміз өзіміз бөлек шықсақ деп ойлаймыз. Қазір енді заман басқаша ғой, ақысына тамақ істейтін, үй жинап беретін адамдар бар. Ешкімге зиянымызды тигізбейік, сол кезде сыйлы боламыз деймін. Бірақ әзірге бәрі реттеліп болсын деп күтіп жүрміз», – деп ағынан жарылды Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы шетелге көшіп, үй алуға қатысты пікір білдірді.

«Сол бір жұрттар сияқты шетелден үй алып, ондай бір іс жасамаппыз. Бірақ ойымызда бар. Өйткені, Кипр бізге қатты ұнады. Бір жағы тау, бір жағы теңіз. Қартайғанда барып, бір 10-15 күн жатып, демалып тұру үшін шетелде бір үй болғаны дұрыс-ау деп ойланып жүрмін», – деді продюсер.


ПІКІР ЖАЗУ