«Қазақтелеком» қызметкерлерінің жұмысынан кейін екі жасар бүлдіршін тоққа түсіп, көз жұмды

0
66

«Қазақтелеком» қызметкерлерінің жұмысынан кейін екі жасар баланы электр тоғы соғып, тіл тартпай кетті. Бұл туралы Politico.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Жазатайым оқиға болған жерде ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізеді, мән-жайлар мен электр кабелінің үзілуіне жол берген адам анықталады», – деп жауап берді компанияның коммуникациялар департаменті.

Алматы облысы Кеген ауданының Шырғанақ ауылының екі жасар баласы үйдің жанында ілулі тұрған сымды ұстап, салдарынан тоқ соғып қаза тапты. Бұл жерде «Қазақтелеком» қызметкерлері жұмыс істегені белгілі.

Фото: istockphoto.com


ПІКІР ЖАЗУ