Білім грантының иегерлері қашан анықталады?

0
60

Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек 2024-2025 оқу жылдарына арналған білім гранты иелерінің тізімі 3 тамыз күні, сағат 11-де белгілі болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.

«Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады. Нақтырақ айтсам, конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында жарияланады», – деп жазды Саясат Нұрбек.

Министрдің мәліметінше, жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Фото: istockphoto.com



ПІКІР ЖАЗУ