«Қазақ халқы ұйғыр мен қалмаққа жақын»: Ғалымдар генетикалық зерттеу жүргізді
Қытайлық генетиктер Шыңжаңда тұратын 200-ден астам этникалық қазақтың ДНҚ-сын сараптап, қызықты зерттеу жүргізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Molecular Biology and Evolutionжурналына сілтеме жасайды.
Жарияланған зерттеу материалына қазақ халқының таралуына тоқталған.
«Жаңа зерттеуде қазақтар Батыс Еуропа, Орталық Азия, Сібір, Шығыс және Оңтүстік Азия халықтары арасында негізгі құрамдас топқа орналасып, Сібір және Шығыс Азия халықтарымен жақын екені анықталды.
Сол сияқты ұйғыр, қалмақ, хазар және эвен ұлттары қазақтарға ең жақын екенін белгілі болды. Қазақ популяциясының шығу тегін зерттегенде, Шыңжаң қазақтарының генетикалық құрамы Шығыс Азия (шамамен 39,7%), Батыс Еуразия (шамамен 28,6%), Сібір (шамамен 23,6%) және Оңтүстік Азия (шамамен 8,1%) популяцияларынан қалыптасқаны анықталды», – делінген зерттеу материалында.
Зерттеу мәліметіне сүйенсек, алдымен Шығыс Азия мен Сібір популяциялары, ал батыс еуразиялық топтар оңтүстік азиялықтармен араласқан.
Зерттеушілер араласу процесі кем дегенде үш толқыннан тұратынын есептейді, олардың әрқайсысы генетикалық өзгеріске өзіндік белгілер қосады. Бірінші толқын шамамен 3150 жыл бұрын болды, одан кейін түркі тайпаларының қоныс аударуымен және Моңғол империясының дәуірімен байланысты тағы екі толқын бар.
«Қазақ халқы Орталық Азиядағы екінші ірі мұсылман тобы болып саналады және аймақтағы әртүрлі этникалық топтардың ішіндегі ең ықпалдысы болған. Қазіргі уақытта қазақ халқының көпшілігі Қазақстанда тұрғанмен, 1,25 миллионнан астамы Қытайдың Қиыр батысында орналасқан және Шығыс Азияны Орталық Азия мен Еуропамен байланыстыратын маңызды дәліз — Жібек жолымен қиылысатын Шыңжаңда тұрады», – деп жазады ғалымдар.