Атышулы Иман Хелифтің қыз екенін дәлелдеу үшін әкесі туу туралы куәлігін көрсетті

0
2010

Желіде Париж Олимпиадасында италиялық боксшы алжирлік трансгендермен жекпе-жекке шықты деген ақпарат тарап, көпшілік шу ете қалған еді. Олар алжирлік боксшы Иман Хелифті биологиялық ер адам және оны жасырып жүр деп айыптады. Алайда әкесі оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеуге тырысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Иман Хелифтің бұған дейін гендерлік сынақтан өте алмай, әлем чемпионатынан шеттетілгені мәлім. Биыл Олимпиада комитеті оған жекпе-жекке шығуға рұқсат берді.

Ол – әйел. Бізде барлық дәлел бар, соның ішінде туу туралы куәлігі бар, – деді әкесі.

Алжирде жыныс ауыстыруға қатаң тыйым салынған. Сол себепті әкесі Иман Хелифтің жынысын ауыстыруы тіптен мүмкін емес деп отыр.

Ол перзентінің бала күнгі фотоларын да көрсетті. Сонда да көпшілік туу туралы куәлікті жақында жасатып алды деп күмәнданып отыр. Себебі ол құжат 2018 жылы берілген. Ал сол жылы Хелифтің бокстағы мансабы басталған.

Бұрын гендерлік сынақта Хелифте XY хромосомасы анықталған, бұл тестостерон деңгейін көтеріп жібереді. Оны интерсексуал, яғни туабітті ауытқушылығы бар деп те атап отыр.

Фото: әлеуметтік желілерден біріктірілді



ПІКІР ЖАЗУ