Павлодарлық әйел депозитіндегі 30 млн теңгесінен айрылып қалды
Павлодарлық әйел алаяқтарға алданып, 30 миллион теңге несие ресімдеп жіберген, деп хабарлайды Politico.kz.
Тұрғынға «ҰҚК майоры» қоңырау шалып, оның атына шот ашылғаны және бұрын сотталған және іздеуде жүрген ер адамның атына 1 500 000 теңге аударылғаны туралы хабарлаған. Өз шоттарын қорғау үшін жәбірленуші «Ұлттық банк қызметкерінің» айтқандарын істеуге келіседі. Оның нұсқауларына сүйене отырып, қорыққан әйел банкке барып, өзінің депозиттік шотынан 15 млн теңгені алып, ертерек ұсынылған деректемеге 5 млн теңгеден аса соманы аударып жіберген. Осындай бірнеше ұқсас операциялар жасаған. Кейін алданғанын түсінген ол полицияға жүгінді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Тергеу әйелдің алаяқтардың құрбаны болғанын көрсетті. Қазір жедел уәкілдер соңғы 2 жылда ел аумағында нөмірлері ретрансляцияланбаған абоненттердің орналасқан жерін анықтауға сұрау салып отыр.
Қылмыс жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр.
Фото: time.kz