Министр Назарбаев мектептеріне «шабуыл жасамау керек» екенін ескертті

0
2720

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев мектептерінен қателік іздемеуге шақырды.

Назарбаев мектептері – озық тәжірибесі бар, алдыңғы қатарлы мектептердің бірі. Қазақстандағы білім жүйесіне өзінің тиісті үлесін қосып отыр. Сондықтан түрлі қателікті іздеу арқылы шабуыл жасап, ондай мектептердің жұмысына кедергі келтірмеу керек деп ойлаймын, – деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ ол биыл жексенбіге түсіп тұрса да мектептерде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте соғылатынын айтты. Сонымен қатар сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақының көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Қазір сынып жетекшілеріне 10 мың теңге төленеді. Журналистер «Бұл сома қайта қаралуы мүмкін бе?» деп сұраған-ды.

Бұл – жалақы емес, тек қосымша ақы. Мен де бұл сома қайта қаралуы қажет деп санаймын. Біз осы бағытта есептеулер жүргізіп жатырмыз. Оны қайта қараймыз, – деді Ғани Бейсембаев.

Оның ойынша, сынып жетекшілігі үшін қосымша 20 мың теңге төленуі қажет.

Фото: liter.kz



ПІКІР ЖАЗУ