«Фаридаға сабыр»: Нұрболат Абдуллин әйелімен отау құрғанына 9 жыл болғанын атап өтті

0
570

Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин отау құрғанына 9 жыл болуына орай келіншегіне романтикалық кеш ұйымдастырған. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.

Нұрболат Абдуллин шаңырақ көтергеніне 9 жыл болғанын Instagram-дағы парақшасында айтты. Өнер иесі әйеліне ұйымдастырған романтикалық кештен фото жариялап, оқырмандарына көрсеткен.
Ерлі-зайыпты бұл ерекше күнді Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Суреттерде олардың бір-біріне күлімдеп қарап отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары үш қыздың ата-анасына тәнті болып, оларға түрлі пікір білдірген.

«Фаридаға сабыр», «Өзіңізді сала бермей, осылай әйеліңізді де салсаңызшы», «Ең бақытты отбасы болыңдар! Кызгалдактарың аман болсын! Тіл көзден сақтасын! Алла берер сыйы мен абыройынан еш айырмасын», «Келіншегіңіз сондай сұлу. Жұптарыңыз жазылмасын», – деп жазуда көпшілік.

Өнер иесі «Фаридаға сабыр» деп жазған оқырмандарына жауап берді. Әнші оған да оңай емес екенін айтқан.


ПІКІР ЖАЗУ