«Адамдардың барлығы ем-шара бөлмелерінде»: Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты

0
426

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесінің айтуынша, бүгінде ем-шара бөлмелерінде ұзын-сонар кезек.

Бұған дейін балалары сырқаттанып қалғанын айтқан Роза Әлқожа енді өзі де ауырып қалғанын жеткізді. Өнер иесі бірден дәрігерлерге жүгініп, система салдыртқан.

Әнші емханада түскен суретін жариялап, елдегі жағдай үшін алаңдаулы екенін айтты.

«Үнсіз пандемия! Адамның бәрі ауруханада емес, жеке ем шара бөлмелерінде. Алматыда да, Шымкентте де көргенім сол! Бәрібір түбінде сыр беріп, өзің де системаға келгенсің ғой», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Әлқожа отбасындағы жағдайды айтып, оқырмандарын алаңдатып қойған еді. Әнші перзенттері ауырып, түнімен ұйықтамай жүргенін жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ