«Футболдан жарысқа бара жатқан»: Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды
Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында жүк көлігі мен минивэн соқтығысты. Салдарынан оқиға орнында 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Оның үшеуі бала. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан», – деп мәлімдеді ПД.
Қаза болған балалардың 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.