Серік Сәпиев боксшы Нұрбек Оралбайға финалдық жекпе-жегіне қатысты ақыл айтты

0
63

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев бүгін түнде Париж Олимпиадасының финалында сынға түсетін Нұрбек Оралбайға кеңес берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Серік Сәпиевтің видеосы «Qazaqstan» телеарнасының Instagram парақшасында жарияланды.

«Украиналық боксшы алға ұмтыла береді. Оралбайға артқа қайтпау керек. Соңына дейін тұру керек. Болды, ұрса, тәсілдерін көрсетсе, ұтады деп сенемін. Алға Қазақстан! Еліміздің атын шығарып жатырсың. Жеңіске жете бер!», — деді спортшы.

Айта кетейік, 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты.

Фото: Серік Сәпиевтің Instagram парақшасынан алынды


ПІКІР ЖАЗУ