«Маған бір Елубай сыйласа кеш емес екен»: Сәкен Майғазиев Баян Мақсатқызын құттықтады

0
147

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев 50 жасында үшінші сәбиін өмірге әкелген Баян Мақсатқызын құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әнші өз сөзінде продюсердің 50 жасында айтқан тілегі орындалғанын айтып өтті.

«Баян Мақсатқызы 50 жас, ой, 18 жас мерейтойын тойлағанда бата көкпар бергендей бәріміз жақсы тілек жаудырып едік. Балапанның бауы берік болсын! Ақылды, білімді, саналы, өнерлі болып өссін. Тұрсын мырза мен Баян ханымды құттықтаймын!

Алла қалап, менің де жүрегімнің ішіндегі жүрегім маған бір Елубай сыйласа кеш емес екен ғой деп қалдым», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды


ПІКІР ЖАЗУ