«Батыр ұлдың ауылына да асфальт төселгелі жатқан шығар»: Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың туған ауылы туралы айтты

0
57

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.

«Демеудің туған жері Үшарал халқының махаббатын қараңыздаршы?! «Баласы атқа шапса анасы тақымын қысады» деген осы… Бүкіл әлем көз тігіп отырған жарыста екінші болу үлкен мәртебе! Күміс құтты болсын!» – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Өз сөзінде ол чемпионның туған жері мен үйін көрсетіп, жерлестеріне үндеу жасады.

«Демеу бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын! Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен… Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой… Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар… Медаль құтты болсын, қазақ елі», – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ