Ақмола облысындағы колледждерде зорлық жасап сотталғандар жұмыс істеген
Ақмола облысының колледждерін тексеру барысында білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда 200-ден аса талаптардың бұзылғаны анықталды.
2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеген. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен. Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Тіпті, бірқатар оқу орнында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы болмай шыққан.
Сондай-ақ студенттердің арасында жүйелі түрде қорқыту фактілері анықталды. Бұл дерекке қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: Петр Карандашов