«Уағыз айтып отырған жоқпын»: Елдос Сметов өзіне тағылған сынға жауап берді

0
83

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов желіде тараған видео уағыз есебінде айтылмағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол БАҚ өкілдерімен кездесуінде өзіне тағылған сынға жауап берді.

«Бұл жерде жаман нәрсе айтылмаған сияқты. Уағыз форматында айтылған нәрсе емес. Бұл менің басымнан өтіп жатқан нәрсе. Мен соны бөлістім. Мен арнайы адамдарды жинап, сұқбат беріп, уағыз айтып отырған жоқпын. Тек отбасымның алдында жарыстан алған әсеріммен, қуанышыммен бөлістім. Мен ол жаман тәрбие, тәртіп деп ойламаймын. Басқа біреулердің шашын бояп, құлағын тескенінен гөрі, осындай әңгімелердің көбірек айтылғаны дұрыс деп ойлаймын», – деді Елдос Сметов.

Фото: Olympic.kz


ПІКІР ЖАЗУ