«Қалай-қалай сөйлейсің?!»: Шымкент әкімі полицейге шүйлікті

0
198

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесуінде полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Видеода тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкім артына бұрылып, полицейге бірнеше мәрте ескерту жасағанын байқауға болады. Алайда қала басшысының полицейге не үшін ашуланғаны сол қалпы белгісіз.

«Дауысыңды көтермей сөйле. Қалай-қалай сөйлейсің?! Бар, жақындама маған», – деді Ғабит Сыздықбеков полицейге.
Әкімнің бұл сөздерін желі қолданушылары сынға алды.


ПІКІР ЖАЗУ