Боксшы Нұрбек Оралбай: Сүйіктім де, қалыңдығым да жоқ, жүрегім бос

0
150

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елге оралғаннан кейін бойдақ екенін әрі басы бос екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

БАҚ өкілдері тарапынан боксшыдан қандай қыздар ұнайтыны туралы сауал қойлды. Осыған дейін егіз Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың анасы ұлдарын тезірек үйлендіргісі келетінін айтқан.

Нұрбек әзірге сүйіктісін кездестірмегенін айтты.

«Көреміз. Бірақ әзіргег сүйіктім де, қалыңдығым да жоқ, жүрегім бос. Ақылды, иманды қыздар ұнайды», – деп боксшы қысқа жауап берді.

Болашақ қалыңдығының сы келбетіне қатысты былай деп пікір білдірді:

«Бұл туралы әзірге ойлаған да жоқпын. Бар ойым Олимпиада чемпионы атану еді. Қалғанының бәрін кейінірек көре жатармыз», – деді Нұрбек.

Фото: ҰОК

ПІКІР ЖАЗУ