1 млрд теңгеден асады: Қазақстан Олимпиадада медаль алмағандарға да сыйақы береді

0
544

Қазақстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жеңімпаздарына миллиард теңгеден аса ақшалай сыйлық береді. Бұл туралы Спорт Шредингера Telegram-арнасы хабарлады.

Төлемдер республикалық бюджеттен іске асырылып, Үкімет қаулысымен реттеледі. Ондағы сомалар доллармен көрсетілген. Оның үстіне Қазақстан алтын, күміс, қола жүлдеден бөлек, 4-6 орын алған спортшыларға да сыйақы береді.

Алтын жүлде үшін 250 мың доллар, күміске 150 мың доллар және қола жүлдеге 75 мың доллар беріледі. Ал 4-орын иеленгендер 30 мың доллар, 5-орын алғандар 10 мың доллар және 6-орынға 5 мың доллар төленеді.

Командалық жарыстарда әрбір спортшы толық соманы алады. Мысалы, пневматикалық винтовка атудан командалық қола үшін Қазақстан 2 есе сыйақы төлейді. Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 75 мың доллардан алады.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарында алтын иеленгені үшін 250 мың доллар алады. Күміс жүлдеге бөлінген 450 мың долларды спорттық гимнастикадан өнер көрсеткен Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев пен боксшы Нұрбек Оралбай алады. Ал қола жүлденің 300 мың долларын пневматикалық винтовкадан атудан Александра Ле және Ислам Сәтбаев, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай алады.

5-орын иеленгендерге жалпы 60 мың доллар сыйақы бөлінген. Бұл сыйақыны алатындар: 3 боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен дзюдошы Әбиба Әбужықанова (48 келі), гимнастикадан Милад Карими және құзға өрмелеу бойынша қатысқан Әмір Маймұратов.

Ал 6-орын алғандарға 36 мың доллар бөлінген. Оны пневматикалық винтовкадан атудан Александра Ле, семсерлесуден бақ сынасқан Руслан Құрбанов пен Шпападан семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай алады.

Осылайша, 2024 жылғы Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларға 1 миллион 96 мың доллар, яғни 524 миллион 23 мың теңге төлейді.

Бірақ Қазақстан тек спортшыларға ғана емес, жаттықтырушыларға да сыйақы төлейді. Елдос Сметовтің алтыны үшін 3 жаттықтырушы (бірінші, жеке, ұлттық құраманың бас бапкері) барлығы 250 мың доллар алады. Осылайша, бапкерлердің барлығы бірдей 1 миллион 96 мың доллар иеленеді.

Осылайша, 2024 жылғы Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылар мен жаттықтырушыларға 2 миллион 192 мың доллар, яғни 1 миллиард 48 миллион 47 мың теңге төлейді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданы 7 медальмен аяқтады. Осылайша, Қазақстан 43-орынға жайғасты.

Фото: olympic.kz



ПІКІР ЖАЗУ