Астанада жасөспірімді бұрын сотталған көршісі еш себепсіз пышақтаған

0
184

Астанада ер адам жасөспірімді үш жерден пышақтаған. Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсінік берді.

Баланы өзінің көршісі пышақтаған. Пышақ жарақаты терең емес. Десе де бұл – қылмыстық іс.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицияның айтуынша, ер адам пышақтайтындай жасөспірім екеуінің арасында кикілжің де болмаған.

Ең сорақысы, күдікті бірнеше рет сотты болған, жазасын өтеу мерзімі аяқталмаған.

Фото: Shutterstock/FOTODOM



ПІКІР ЖАЗУ