«7 млн теңгені бір аптада құртып тастадым»: Дина Төреәлі өзі жайлы ел білмейтін жайтты айтты

0
57

Отандық танымал блогер Дина Төреәлі желіде оқырмандарымен сыр шертісіп, өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды. Төреғали Төреәлінің қарындасы бір аптада 7 млн теңгені құртып тастағанын айтты.

Дина Төреәлі қаржылық сауаттылығы болмағандықтан, ақшаны дұрыс ұстай алмағанын мойындады.

«Маған сыйлыққа берген көлікті сатып жібергенмін. Содан түскен 7 млн теңгені бір аптада құртып тастадым. Негізі күліп айтатын нәрсе емес. Ол кезде жаспын. Қаржылық сауаттылық 0 болды. Осы жерде адамның жағдайы да маңызды ғой. Адам егерде 200 мың теңгені дұрыс басқара алмаса, оған миллиондар қайдан келсін», – деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар «Ұлы дала баласының » қарындасы алғашқы кәсібі туралы айтып, 3 млн теңге қарызға кіргенін айтты.

«Алға мақсат қойсам қайтпайтын әдетім бар. Тәуекел етуден қорықпаймын. Сол кезде де тәуекел етіп, балалар киімі дүкенін ашқанмын. Ағамның қыздарын модель етіп, суретке түсіретінмін. Бір қызықты естеліктер. Есіме түссе жүрегім жылып қалады. Өкінбеймін. Үлкен сабақ алдым. Сонымен бұл кәсібіме ойым да дайын болмаған. Бірден 3 млн теңгеге минусқа кеттім. Күйзеліске түсіп кетпеу үшін Аллаға тәуекел ете білуім құтқарды», – деді Дина. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2148928-7-mln-tenggeni-bir-aptada-qurtyp-tastadym-dina-toreali-ozi-zhaily-el-bilmeitin-zhaitty-aitty/


ПІКІР ЖАЗУ