«Мені онша жақтырмайтын»: блогер Мереке Қалбаева енесіне пәтер сыйлады

0
492

Отандық танымал блогер әрі әзілкеш Мереке Қалбаева енесіне тосынсый жасап, Астанадан пәтер сыйлады. Желі жұлдызы енесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты.

Мереке Қалбаева енесіне баспана сыйлап жатқан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялап, оқырмандарына көрсетті.

Бейнежазбада блогер күйеуі екеуі анасын жаңа үйіне көзін жауып алып келгенін көруге болады. Желі жұлдызының енесі мұндай сыйлыққа қатты таңғалып, көз жасына ерік берген. Ол балаларына алғысын айтып, келінін жер-көкке сыйғызбай мақтабы.

«Аналар бар жақсыға лайықты. Үйіңіз құтты болсын, асыл енешім. Мамам үйге келгенде құт-береке орнайды ғой, үйдің аурасы өзгеріп күштіі болып кетеді. Енді Ару апасымен күндіз-түні бірге. Қуана білгенге құт қонады. Жұғысты болсын. Енемізбен көрші боламыз», – деп жазды Мереке Қалбаева. «Басында жасы үлкен деп бәрі қарсы болған. Енді менің келінім бәрін басып озды. Осындай келін барлықтарыңызға жұғысты болсын», – деді енесі.


ПІКІР ЖАЗУ