Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарады

0
63

Бұрынғы президенттің жиені Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарады, деп хабарлайды politico.kz.

Қайрат Сатыбалды Бас прокуратураның активтерін қайтару жөніндегі Комитетімен кінәні ерікті түрде мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді 50 млрд теңгеден астам сомаға қайтару туралы іс жүргізу келісіміне қол қойды.

Осылайша мемлекет меншігіне өтетін мүліктің кең тізіміне Алматыдағы екі бизнес-орталық (бұл Жақында қайтарылған «Қайсар» БО-дан басқа), Франция, Түркия, БАӘ және Ресейдегі элиталық жылжымайтын мүлік, сондай-ақ сәнді автомобильдер мен зергерлік бұйымдар кіреді.

Осылайша, Сатыбалды 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңге сомаға мүлікті қайтарды.


ПІКІР ЖАЗУ