Жанна Оразбақова: Бірінші жолдасыммен 11 жыл тұрып, ажырастық

0
258

Марқұм Салтанат Нүкенованың ісінде жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған адвокат Жанна Оразбақова алғаш рет жеке өмірі жайлы айтты. «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында бірінші жолдасымен 11 жыл тұрып ажырасқанын, бірінші некесінен екі баласы бар екенін, екінші некесінен бір баласы бар екенін жеткізді.

«Бірінші жолдасыммен айғай-шусыз ажырастық. Екеуміз үшін де бөлек тұрған дұрыс екенін түсіндік. Екеуміз екі бағытқа қараймыз, болашақты екі түрлі елестетеміз. Ол кезде қызымыз 11 жаста, ұлымыз 4 жаста болды. Олардың біздің шаршаңқы, бақытсыз түрімізді көргенін қаламадым. Отырып сөйлестік, екі ересек, ақыл тоқтатқан адам ретінде мәдениетті түрде ажырастық. Дүние-мүлікті бөлдік. Ажырассақ та, ата-ана болып қаламыз деп келістік. Балаларым әкесімен араласады. Әкесі алып кетіп тұрады. Ол кісі заңгер емес. Әпкесі жақын құрбым, бірге саяхаттаймыз. Анасымен де араласамын. Менің анам қайтыс болғанда бұрынғы қайын жұртым көңіл айтып келді. Үшінші балама аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде үлкен екі балам әкесінің үйінде болды».

Адвокат ханым екінші жолдасымен бақытты екенін айтады.

«Кейін екінші рет тұрмысқа шықтым. Бұл мүлде басқа қарым-қатынас. Бұл нағыз махаббат дер едім. Өзімді өте жақсы сезінемін. Отбасын құрғанымызға төрт жыл өтсе де қарым-қатынасымыз бірінші танысқан күніміздегідей. Маған әрдайым қамқор. Үнемі қуантып тұрады. Біз құрбым ұйымдастырған шарада таныстық. Танысқан кезімізде мен 33-те едім. Үшінші балам өмірге келді»-дейді.


ПІКІР ЖАЗУ