Қызылорда облысында жыныстық құлдықта болған қыздың үйіне күзет қойылды

0
190

Қызылорда облысында жыныстық мәжбүрліктен жапа шеккен қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Бұл туралы Қызылорда облысының Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғанова мәлімдеді, деп хабарлады politiko.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ол оқиғадан кейін жасөспірімнің анасымен сөйлесіп, баламен кездесу өткізген.

Арнайы кездесу уақыттары белгіленді. Алайда анасы тарапынан айтылған себептерге орай, кездесу жиілігі сақталмады. Кейінгі уақытта бала психолог мамандардың үш рет қабылдауында болды. Мұнан кейін денсаулық сақтау басқармасы орынбасарының көмегімен бала толыққанды медициналық тексерулерден өткізілді. Дәрігерлердің кеңесімен оны ауруханаға жатқызу ұсынылғанымен, анасы келісім бермеді. Бұл ретте анасы сұраған қолайлы уақытта учаскелік дәрігерлерді үйге шақыру көмектері де ұйымдастырылды. Бала толыққанды дәрігерлердің бақылауына алынды, – дейді Жақсыгүл Тоғанова.

Тексерулерден кейін де жасөспірімге бірнеше рет психологиялық қолдау көмектері көрсетілген. Анасының айтуынша, уақтылы алған көмектің нәтижесінде баланың жағдайында оң өзгерістер байқалған.

Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Әрине, барлық іс-әрекеттер мен көмектер анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады, – дейді ол.

Алдағы кезеңде де мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан барлық көмектер уақтылы жасалатын болады.

Еске сала кетсек, қызылордалық әйел қызын өзінің сыныптасы жезөкшелікке мәжбүрлеген деп дабыл қаққан еді. Оның айтуынша, қызы 8 ай бойы жыныстық құлдықта болған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Tengrinews.kz



ПІКІР ЖАЗУ