«Кешір, Кенжик, менің кінәм жоқ». Сәкен Майғазиев Кенжебектен неге кешірім сұрады
«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев топтағы әріптесі Кенжебек Жанәбіловтен кешірім сұрады.
Сәкен Майғазиевтің кешірім сұрауына себеп болған нәрсе – Кенжебектің жартылай кесіліп қалған суреті.
«Кешір, Кенжик, менің дым кінәм жоқ. Шарапат осылай түсірген», – деп жазды Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде әріптесінің жартылай сыймай қалған суретін жариялап.
Фотосуретте Сәкен Майғазиив пен Мейрамбек Беспаевтің бейнесі толық кадрге сыйғанымен, Кенжебектің тек жарты бетін көруге болады.